29 Тамыз 2024
Бос орындар

Жұмысқа қабылдау

Алматы облысы білім басқармасы Балқаш ауданы білім бөлімінің "Бірлік орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі КОНКУРС жариялайды:

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

  • Декреттік демалысқа кеткен негізгі қызметкерді ауыстыру мерзіміне ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына – 1 орын,
  • Дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне – 1 орын,
  • Педагог-логопед маманына – 1 орын.

2024 жылдың 26 тамызынан бастап мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Конкурс өткізілетін орын:
"Бірлік орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі, әдістемелік кабинет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS – 6,5 балл; немесе TOEFL (интернетке негізделген тест) - 60-65 балл.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek KZ" және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.

2024 жылдың 26 тамызынан бастап мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар