2024 жылдың 10 сәуір күні Балқаш ауданы, Бірлік ауылы, «Бірлік орта мектебі» мкм базасында облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Білім берудегі олқылықтарды түзетудің тиімді жолдары» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: Білім берудегі олқылықтарды түзетудің тиімді жолдарын көрсету, әдістемелік сүйемелдеу және өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Семинарға Алматы облыстық әдістемелік орталығының, Балқаш аудандық әдістемелік орталығы, Алматы облысының пән мұғалімдері және аудандық пән мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасына сәйкес сағат 08:30-да қонақтарды қарсы алу және тіркеу жүргізіліп, семинар қатысушыларына арналған таңғы кофе-брейкпен жалғасты. Семинарды облыстық әдістемелік орталығының білім сапасын мониторингілеу және саралау бөлімінің әдіскері Елдар Кенжебекұлы алғы сөзбен бастады. Мектеп психологтары Б.Қыдырбай және А.Жолдыбай семинарға қатысушылармен психологиялық тренинг жүргізді. Семинар бағдарламасына сәйкес тәжірибе таратушы мұғалімдерінің үлгілі сабақтары мен шебер сыныптарына семинар қатысушылары қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарға қатысушылар тарапынан кері байланыс алынды. Семинар соңында облыстық көлемде тәжірибе таратқан ұстаздарға облыстық әдістемелік орталығының директоры Иманхатова Гульжихан Жалғасбековнаның алғыс хатымен марапатталды.
https://birlik.balqash.edugov.kz/is-sharalar-birlik/10588-oblysty-seminar-2024-zhyl.html#sigFreeIde78d7e90e6