31 Шілде 2024
Әдістемелік жұмыстар

Дарындыларды іздеу ауылдан басталады!

"Бірлік орта мектебі" мкм-де ауыл олимпиадасының ашылу салтанаты болды.

Іс-шараны ашқан білім мекемесінің директоры Гүльнар Зауланбаевна  жас қатысушыларды құттықтап, жаңа жеңістер мен жоғары нәтижелер тіледі. Олимпиаданың мақсаты — ауыл оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау, — деп атап өтті.

Айта кетейік, аудандардан олимпиадаға Балқаш — 325, Еңбекшіқазақ — 1202, Жамбыл — 1007, Іле — 2370, Кеген — 339, Қарасай — 1645, Райымбек — 312, Талғар — 832, Ұйғыр – 513 оқушы, Қонаев қаласынан – 139 шәкірт өз білімдерін ортаға салды.
Олимпиада үш кезеңде өтеді: біріншісі-қарашада іріктеу,  желтоқсанда тағы да өтеді және келесі жылдың қаңтарында дарындыларды анықтайтын болады.
Бірінші кезеңге ауылдық жерлердегі мектептердің 9-11 сыныптарында оқитын барлық тілек білдірушілер қатысады. Ол ережені сақтай отырып, интернетке қосылған дербес компьютерлермен жабдықталған орындарда онлайн-платформада өтеді: 1 парта-1 қатысушы-1 компьютер, — деді ұйымдастырушылар.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың жалпы санының 35 пайызы екінші кезеңге қатысуға жіберіледі. Таңдалған оқушылардың тізімі ұйымдастыру комитетінің ресми ресурсында жарияланады.

Зияткерлік жарыстар жаратылыстану-математика (математика, физика, химия, биология, информатика, география) және қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі Орыс тілі, Орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, негіздері) пәндер тек қана тест түрінде өтеді.  

Пайдалы ақпараттық ресурстар